2024-07-27 12:11:48
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Оңтүстік үшін таптырмас табыс көзі»

"Оңтүстік үшін таптырмас табыс көзі"

Түркістанның мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық дамуында алар орны ерекше. Мұндай пікірді Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Алчимбаева Жанар Галифулдақызы білдірді.

– Түркістан өңірі әлмисақтан сауда-саттық пен ынтымақтың алтын ордасы болған. Ел басшылығының Түркістанды облыс орталығына айналдыруы – ең бір ұтқыр да көреген шешім болды. Сіздің ойыңызша, ендігі кезекте Түркістанның Ұлы Жібек жолының бойындағы құндылығы қаншалықты арта түспек?

– Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар соғылып, мәдени ошақтар салынды. Ғажайып сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болып келеді. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар, ондағы ескерткіштер мен мәдени орындар, ескі ғимараттар өскелең ұрпаққа ұлағатты тарих болып қалары сөзсіз. Өз басым Түркістан облысының туристік әлеуетін жоғары бағалаймын. Жалпы, облыс орталығы мәртебесін иеленген Түркістан қаласы қашанда тарихи туризмнің алтын ұясы саналып келеді. Бұл жақта туризм кластерінің басым бағыты саналатын көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Қала басында қала қонақтары мен тұрғындарына қажетті ойын-сауық орталығы, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театрлар, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынған. Бұл өз кезегінде туристерге толықтай сапалы қызмет көрсете алатын жағдай деген сөз.

– Түркістандағы тарихи туризм ошақтары мен шежірелі өлкелер жайлы не айтасыз?

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар мен Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі,  Бәйдібек би ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бәрі-бәрі осы облыста орналасқан.

Бұл шежіреден сыр шертер орындарымыз әлі талай саяхатшыларға таңдай қаққызады деп сенімді түрде айта аламын. Мәселен бір жылдың ішінде Түркістанға 1 миллионнан астам турист келген. Саяхаттаушылардың басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары болып отыр. Бұл дегеніңіз қызығушылықтың өте жоғары екенін аңғартады Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер дені көп. Туризм Оңтүстік үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр. Облыс орталығы мәдени астана ретінде алдағы уақыттарда талай туристі қонақжайлықпен қарсы алатыны анық.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР