2024-07-27 07:40:34
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өзбекстандағы халықаралық турнирде Түркістандық боксшы қыз Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жетті

ЖӨзбекстандағы халықаралық турнирде Түркістандық боксшы қыз Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жеттіуырда Өзбекстан Республикасының  Ферғана қаласында бокстан әйелдер арасында халықаралық турнирі өтті. Қазақстанның намысын шаршы алаңда қорғаған Түркістан облысының талантты боксшысы Ұлжан Сәрсенбек жеңімпаз атанды.

Жерлесіміз еліміздің Әнұранын шырқатып, көк туымызды көкте желбіретті. Талай жекпе- жектерде жеңіске жетіп келе жатқан 57 келі салмақ дәрежесінде  шаршы алаңға шыққан Ұлжан жартылай финалда тәжікстандық қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Ал ақтық сында өзбекстандық мықты боксшы Хумаробону Мамоджановамен шаршы алаңда жұдырықтасып, қарсыласына дес бермей, қазақ қызына тән қайсарлығымен жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңіске жеткен спортшымыз Ұлжан мен  жаттықтырушы Шыңғыс Демеуов  жетістіктерімен құттықтаймыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР