2024-07-27 13:13:17
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Өнерлі өлке» облыстық фестивалінде Жетісай ауданы өнер көрсетіп жатыр

«Өнерлі өлке» облыстық фестивалінде Жетісай ауданы өнер көрсетіп жатыр

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Жетісай ауданының мәдениет күндері жалғасты.

Этноауыл аумағында «Ұлттық спорт – ұлтымыздың нышаны» атты спорт түрлерінен сайыс өтті. Атап айтқанда жасөспірімдер мен келушілер қазақ күресінен және тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қошқар көтеруден бақ сынап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар фестиваль аясында облыстық «Farab» кітапханасында Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры «Қынсыз қылыш – Құрманбек» атты драмасын ұсынды.

Күні кеше басталған Жетісай көшінің шымылдығы Этноауыл аумағында «Өнер тамған он саусақ – үзілмейтін ырысың» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңкелерімен ашылған болатын.

Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып, сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен қонақтарының оң бағасын алды.

Сонымен қатар «Салт – дәстүрім салтанатым» атты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, өлкенің туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Жетісай ауданының мәдениет күндері үш күнге жалғасады. Ертең, 25 маусым күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке – Жетісай» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтетін болады.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР