2024-07-27 08:39:59
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Өнерлі өлке» фестивалі аясында кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

«Өнерлі өлке» фестивалі аясында кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері «Visit Turkistan» орталығы алаңында кентаулық өнерпаздардың қатысуымен Гала-концертпен қорытындыланды. «Кентауым – керім қала» атты өнер кешін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып беріп, Түркістан жұртшылығын облыстың 5 жылдығымен құттықтады.

Мәдени шарада Кентау қаласынан түлеп ұшқан жұлдыздар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Атап айтқанда, ҚР мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытуышысы, актер, әнші Марат Оразметов, «Шаншар» театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев және тағы басқа кентаулық өнерпаздар Түркістан төрін әсем әнге бөледі. Сонымен қатар Гала-концертте мың бұралған би мен цирк өнері жиналған қауымды таң қалдыра білді.

Аталмыш шараның алғашқы күні Этноауыл кешенінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы көрмесі және мастер-класстары, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар және «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» салт-дәстүрді дәріптеуге арналған қойылымдары сахналанған болатын. Екінші күні Этноауыл кешенінде «Отаным – Қазақстан» тақырыбында заманауи қолөнер түрлері мен қылқалам шеберлерінің көрмелері және «Бір шаңырақ астында» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі жасақталды. Сонымен қатар «Бірлігі жарасқан ел» атауымен Рапсодия би ұжымының концерттік бағдарламасы сахналанды.

Айта кетейік, сәуір айында басталған өнер додасын 4-6 тамыз күндері Түркістан қаласының мәдени көші қорытындылайды.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР