2024-07-27 13:30:02
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық кітапханаға Шардаралық кітап керуені келді

Облыстық кітапханаға Шардаралық кітап керуені келді

Бүгін облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» шарасы өтті. Кезекті кітап керуенімен Шардара қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі келді.

Әдеби-мәдени шараның ашылуында облыстық кітапхананың директоры Жанат Шардарбекова және Түркістан қаласының құрметті азаматы, Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Өтепберген Қуанышбаев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, құрылыс саласының майталманы, Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Хамза Пәйзіұлы шараның мән-мазмұнына тоқтала отырып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында Шардара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен кітапхана қорына «Шежірелі өлке шайырлары» атты Шардаралық ақындар антологиясы, «Құм қойнауындағы қазына» Шардара ауданының көне тарихы атты жинақтарын және «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында 200 дана кітап сыйға тартылып, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мырзаның атынан кітапхана директорына арнайы алғыс хат табысталды.

Облыстық кітапхананың көрермен залында жалғасын тапқан әдеби шарада Шардара ауданының ақыны, жыршы-термеші, әуесқой сазгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Әбдіғаппар Айдаров өз шығармаларын таныстырып, кітапхана қорына сыйға тартты. Шардаралық ақынды журналист, ҚР мәдениет қайраткері, композитор Бекжігіт Сердәлі құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ақынның әндерін орындап, кітапхана қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары көркем сөздер мен ән-билерін көрермен назарына ұсынды.

Шара соңында өз өнерін көрсеткен кітапхана оқырмандарына облыстық «Farab» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова атынан алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР