2024-05-02 05:58:59
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық кітапханаға Сайрам ауданы кітапханашылары өз үлесін қосты

Облыстық кітапханаға Сайрам ауданы кітапханашылары өз үлесін қосты

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel – 2023» жобасы аясында «Шежірелі өлкеден – Рухани Темірқазыққа» атты шара өтті. Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бастап келген көште әдеби әрі мәдени шаралар қамтылды.

Шараның ашылуында  ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Түркістан қаласы әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, облыстық кітапхана директорының орынбасары  Жанар Аманжолова, ҚР Білім беру ісінің құрметті азаматы, Сайрам ауданы «Қоғамдық келісім» филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бекболат Оспанов сөз сөйлеп, мақсаты мен міндетіне тоқталды.

Сайрам ауданының кітапханашылары, атап айтқанда Жанар Нарботаева, Ардақ Әжімұхан, Дана Абдуллаева тақырыптық кітап көрмелерін таныстырды.  Ал кейіпкерлер шеруі бөлігінде Қыз Жібек, Абылай хан сияқты шығармалардан үзінді көрсетілді.

Сайрамдықтар «Фараб» кітапханасының қорына 200 кітап сыйға тартты. Сонымен қатар сирек кездесетін кітап қорына 1306 жылы шыққан араб тілінде жазылған кітап тарту етті.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР