2024-04-23 07:14:50
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық кітапханада «ЕЛІМ-АЙ» республикалық онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыстық кітапханада «ЕЛІМ-АЙ» республикалық онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай «Елім-ай» республикалық онлайн байқауы өтті.

Аталмыш байқауға ақын, әдебиет жанашыры Арқалық Әмәлият, ақын, журналист Бауыржан Ерман және облыстық «Farab» кітапханасының бөлім басшысы Дана Байдәулетова әділ-қазылық етіп, екі кезең бойынша үздік деп танылған үміткерлерді анықтады.

Байқау барысында үміткерлер «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасын баяндайтын эссе,  «Елім-ай» әні және ұлттық код (3 минуттық бейнеролик) дайындаған болатын. Нәтижесінде Атырау облысынан қатысқан Еркежан Қаден жеңімпаз атанып, Қызылорда облысынан Асылай Бектасқызы жүлделі І орынды, Қызылордалық Ұлдана Серікқызы ІІІ орынды иеленді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталады.

Айта кетейік, байқаудың басты мақсаты – қазақ тарихындағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдарын көрсете отырып, ұлттық бірлікті насихаттау.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР