2024-04-28 17:23:29
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық филармония әртістері Тараз төрінде өнер көрсетті

Облыстық филармония әртістері Тараз төрінде өнер көрсетті

Түркістан облысына 5 жыл толуына және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияға 60 жыл толуына орай Тараз қаласында филармония өнерпаздарының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Менің Қазақстаным!» атты концерттік бағдарлама өтті.

Мерейлі концертте «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалдық аспаптар ансамблі, «Яссы» би ансамблі және филармония әншілері өнер көрсетті.

Кеш барысында өнер ұжымына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбайдың, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Алғыс хаттары тапсырылды.

Айта кетейік, аталған шара мақсаты – Ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған Шәмші Қалдаяқовтың өміршең әндерін дәріптеу, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясымен мәдени ынтымақтастық қарым-қатынасты дамыту, тәжірибе алмасу.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР