2024-07-27 12:01:46
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша үздік атанды

Облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша үздік атанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы үздік деп танылды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға республикалық конференция барысында сертификатты табыстады.

Айта кетейік, Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өткен болатын.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР