2024-04-28 20:07:30
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан-Тұраным» көрмесі ашылды

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан-Тұраным» көрмесі ашылды

Қазақстан Суретшілер одағының Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен одақтың мерейлі 90 жылдығына арналған суретшілер мен қолөнершілердің «Түркістаным – Тұраным» атты  шығармашылық көрмесі салтанатты түрде ашылды. Шараға өңірдің белгілі суретшілері мен зиялы қауым өкілдері, ЖОО мұғалімдері мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш көрмені Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Эльвира Момынова, музей директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнабек Оспанов пен одақ төрағасы Өмірбек Жұбаниязов құттықтау сөздерімен ашты. Одақтың Түркістан облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Шилібаев көрменің ашылу барысында 70 жасқа толған Ерғали Палымбетовке «Халық құрметі» медалін тақты.

Аталған шараның мақсаты – 90 жылдық тарихы бар Қазақстан Суретшілер одағының оңтүстік өңіріндегі суретшілер мен қолөнершілердің шығармаларымен таныстыру. Көрмеге 50-ге жуық суретшінің 150-ден астам шығармашылық жұмысы қойылды. Көрмеде экспозицияланған жас буыннан бастап, аға буынға дейінгі қылқалам шеберлері – кәсіби көркемдік білімге ие, беделді республикалық және халықаралық симпозиумдар, байқаулар мен көрмелердің қатысушылары.

Түркістан облысы қылқалам шеберлерінің туындыларында өмірге, өнерге, туған жерге, оның сұлу табиғаты, таулары мен даласына деген сүйіспеншілігіне, шынайы ықыласына толы. Суретші елі мен жерінде болып жатқан өзгерістер мен сан ғасырдан бері келе жатқан құбылыстарды, ұлты мен халқының әдеп, салт-дәстүрлері мен тарихи тағылымдарын бейнелейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР