2024-04-27 19:53:36
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық балалар кітапханасында республика күніне орай апталық өтті

Облыстық балалар кітапханасында республика күніне орай апталық өтті

16-20 қазан аралығында 25 қазан – Республика күніне орай Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты апталық өтті. Апталықта  Түркістан облысы бойынша балалар кітапханалары қатысты.

Апталықтың бірінші күнінде Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Түлкібас ауданы мерекелік шараның ашылу салтанатына атсалысса, екінші күні Арыс қалалық, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт аудандық балалар кітапханаларының кітапханашылары «Қазақстан – Кеше! Бүгін! Кітаптар сөйлейді!» атты кеңейтілген кітап көрмесін жасақтады.

Үшінші күні Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес аудандық балалар кітапханасының кітапханашыларымен және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Менің арманымдағы Қазақстан!» атты оқырман конференциясы өтті.

Төртінші күні «Тәуелсіз Қазақстан бейнесі! Суретшілер сыр шертеді» тақырыбында Созақ, Сарыағаш, Төлеби, Отырар аудандарынан келген оқырмандар сурет салып сайысты.

Апталықтың соңғы күні ұлттық мерекемен тұспа-тұс келген 24 қазан – Кітапханашылар күнімен қорытындылап,  руханият игілігі жолында еңбек етіп жүрген кітапханашылар қауымының марапатталуымен түйінделді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР