2024-07-27 09:03:01
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстың 2007 жылы туылған футболшылары еліміздің қола жүлдегері

Облыстың 2007 жылы туылған футболшылары еліміздің қола жүлдегері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қазір елімізде балалар футболын дамытуда бірқатар игілікті істер атқарылуда. Барлық облыс, аудандарда да жергілікті жастар арасында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Айталық, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды балалар футболын өркендету үшін өңірімізде спорт нысандары мен стадиондардың инфраструктураларын жақсартуды қолға алуда.

Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев әлемдік деңгейде жастарымыздың арасында футболды жаңғырту бойынша жаңашылдықпен жұмыстар атқаруда.

Қазақстанның футболын дамытуда әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорт түрлері бірінші орында. Себебі, жергілікті жастар арасында футбол дамымай елдің отандық футболы өркендемейді. Бүгінде республикамызда барлық облыстарда кәсіби футбол командалары жанынан футбол академиялары құрылған. Онда жүздеген бала сиқырлы спортпен кәсіби тұрғыда білім алады.

Мәселен, Түркістан облысының намысын қорғайтын Премьер және бірінші лига командаларының жасөспірімдер командалары жасақталған. Бұдан өзге барлық облыс, қалаларда футбол мектептері жұмыс істеп, онда білікті мамандар еліміздің ертеңі-болар жастарымызды футболға баулып келеді.

Жақында Түркістан облысының намысын қорғайтын  облыстық футбол мектебінің талантты жас шәкірттері футболдан кезекті Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 2007 жылғы жасөспірімдер командасын жаттықтыратын  білімді де тәжірибелі бапкер Мәди Сапарбаевтің ізбасарлары бұл жүлденің оңайлықпен келмегенін айтады. Елімізге танымал спортшы ардагерлер жүлдеге қол жеткізген жас ойыншыларды құттықтап, болашақтарына сәттілік тілеп, әрдайым жеңіс жолында  табанды еңбек ету керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР