2024-04-19 08:14:41
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыс әкімі залалсыздандыру жұмыстарын сынға алды

Облыс әкімі залалсыздандыру жұмыстарын сынға алды

Бүгін аппарат отырысында облыс әкімі Дархан Аманкелдіұлы өңірдегі өзекті мәселелер бойынша жұмыс барысын назарға алды.

Шіркейге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары белгіленген Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандарында 7 713,1 гектар жер залалсыздандырылуы тиіс.

– Тұрғындар тарапынан неге шағым көп?  Зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Мәселе қатаң бақылауда. Атқарылған жұмыс барысы туралы апта сайын баяндалсын, – деген облыс әкімі кемшіліктерге жол берген сала басшыларына қолданыстағы заңнама аясында тиісті шара көруді тапсырды.

Айта кетейік, дезинсекция шараларын және ғылыми сүйемелдеуді мердігер ЖШС «Satti Tulik» өткізуде. Биылға бұл мақсатқа 644,4 млн. теңге қаралған. Залалсыздандыру жұмыстары облыс аумағында наурыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам және дезинсекция шараларына 62 техника, 77 адам тартылған.

Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елді мекендерде шіркейлердің көбеюі соңғы бірнеше жылда қалыпты жағдайға айналған.

Шіркейлердің санын азайтудың тиімді әдісі ретінде Сырдария өзеніне биологиялық препаратпен өңдеу әдісі қолданылады.

Мамандардың айтуынша, бұл – Сырдария өзеннің флорасы мен фаунасына қауіп төндірмейді. Жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын ұстану аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР