2024-07-27 07:47:32
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Нұрлан мырзабаев — «Korea open g-2» рейтингтік турнирінің қола жүлдегері

Нұрлан мырзабаев — «Korea open g-2» рейтингтік турнирінің қола жүлдегері

Кореа мемлекеті Чунчеон қаласында тамыз айының 8-12 аралығында таеквондодан (wt) рейтингтік халықаралық «Korea open G-2» турнирі аяқталды.

Құрлықтық бәсекеге әлемнің 30-ға жуық елінен таеквондошылар қатысып, татами төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді.

Бұр рейтингтік турнирде еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының талантты спортшысы Нұрлан Мырзабаев та қатысып, 80 келі салмақта бақ сынады.

Нұрланның рейтингісі жақсы болғандықтан бірінші айналымды өткізіп барып, 3 кездесу өткізді. Өз салмағында қарсылас болған Қытай, Қазақстан спортшыларынан басым түсіп, алаң иесі кореалық спортшыға есе жіберіп, қола медальді қанағат етті.

Жаттықтырушысы Ринат Құралбаев жүлде үшін шәкіртін жан-жақты дайындап, мол үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР