2024-07-27 09:10:57
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Музей саласындағы тәжірибемен бөлісті

Музей саласындағы тәжірибемен бөлісті

Бүгін Ұлы дала музейіне тәжірибе алмасу мақсатында, ҚР Мәдениет және спорт министрілігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері ат басын бұрды. Музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толуына орай, Тараз өңірінің тарихынан сыр шертетін музейдің экспозициясы құру жоспарлануда.

Осы орайда, қорық қызметкерлері: А.Жанбосынова, М.Ибадильдаева, Г.Қамбыр және Б.Тәжібаев, экспозиция құру жөніндегі жобасы аясында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясымен, ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімдерінің (археология және экспозиция) атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында, Р.І. Бекталиева мамандарға музей экспозициясына қатысты мәселелер жөнінде баяндады. Сонымен қатар, А.А.Ержігітова, З.С.Қолдасбекова және А.Донец өз саласында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, өз тәжірбелерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР