2024-07-27 07:57:18
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай волейболдан жарыс өтті

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай волейболдан жарыс өтті

Шардара қаласы Орталық стадионда «Қызмет» салалық кәсіподағы Шардара аудандық филиалы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 23 маусым —  мемлекеттік қызметкерлер күніне орай волейболдан Шардара ауданының ашық біріншілігі өтті.

Аталған жарыстың ашылуында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Шоипиев Бауыржан Қуанышбайұлы барлық елдің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше екенін атап өтті. Еліміздің осындай жетістікке жетуіне мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын рөлі мен қосар үлесі мол екенін айта келе жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегін «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Келес ауданы, Сарыағаш ауданы, Мақтаарал ауданы және Шардара аудандарының  мемлекеттік қызметкерлерден құралған командалар қатысты.

Осы жарыста

І-орын Келес ауданы

ІІ-орын Шардара ауданы

ІІІ-орын Сарыағаш ауданы

ІІІ-орын Мақтаарал ауданы  еншіледі.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға медал және кубоктармен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР