2024-11-02 09:58:51
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мақтаарал ауданының мәдени көші түркістанда

Мақтаарал ауданының мәдени көші түркістанда

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Мақтаарал ауданының мәдениет күндері басталды.

Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «Шебердің қолы – алтын» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі жасақталып, туристерге ұлттық ою-өрнек элементтері таныстырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындарына таратылды.

Сәуір айында басталған фестиваль мақсаты ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады. Өнер байқауы жаз айларында да жалғасын табады.

Мақтаарал ауданының мәдениет күндері үш күнге жоспарланған. Ертең, 1 шілде күні сағат 10:00-17:00 аралығында «Салт-дәстүр – ұлттық қазынамыз» атты ұлттық салт-дәстүр көріністері мен спорттық ойындар (асық ойнау, гір тасын көтеру, садақ ату, арқан тарту, т.б.) сайысы өтеді. Ал 2 шілде күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан көркемөнерпаздары және кеш қонақтары Гаухар Әлімбекова мен Асылжан Абдулланың қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР