2024-03-04 19:00:45
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Маңғыстау облысында Түркістан облысының туристік әлеуеті насихатталды

Маңғыстау облысында Түркістан облысының туристік әлеуеті насихатталды

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында екі күн бойы Түркістан облысының арнайы делегациясы маңғыстаулық туристік бизнес өкілдерімен кездесті. Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының туризм басқармасы, туристік компаниялар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і мен «Мұнай-Тур» ЖШС-і арасында туризмді дамыту және Түркістан облысына туристерді тарту бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Маңғыстау облысы «Қоғамдық коммуникация орталығы» брифингінде облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ботагөз Мауленова Түркістан облысындағы туризм саласының 3 бағытын таныстырып, өңірдің туристік нысандары, туристік өнімдері мен туристік маршруттары бойынша ақпараттар ұсынды.

— Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы тарапынан 3 ақпараттық-насихат тобы құрылған болатын. Біздің топтың жұмысы Ақтау қаласынан бастау алды. Ендігі кезекте Атырау облысын қамтуды көздеп отырмыз. Ал келесі делегация өкілдері Орал, Ақтөбе облысы мен Өзбекстан елінің туризм саласының өкілдерімен кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізу үстінде. Осындай маңызды іс-шаралардан кейін, өңіріміздің туризм саласы қарқынды дамып, ішкі туризмді дамыту арқылы келушілер саны екі есеге ұлғаяды деген сенімдеміз, – деді түркістандық делегация өкілі.

Айта кетейік, аталмыш шараның мақсаты – туристік әлеуетін насихаттау, келушілерді тарту, көрікті жерлерін көрсету.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР