2024-07-27 08:34:36
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті

Елдігіміздің басты нышаны — өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға  мұра болған асыл рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында  аянбай еңбек етіп келе жатқан мәдениет  және өнер  қызметкерлерінің күні Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында кеңінен аталып өтті.

Әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болары сөзсіз. Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі.

Міне, осынау айтулы мереке ең алдымен ауданымыздағы мәдениет саласы қызметкерлерінің жетістігін насихаттайтын көрмелермен  бастау алды. Сонымен қатар, осы іс-шараның құрметіне салтанатты фуршет ұйымдастырылып, онда қонақтар дәмді тағамдар мен сусындардан дәм татып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірісті.

Сондай-ақ, халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек етіп жүрген және сол еңбегінің арқасында бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған барша мәдениет майталмандарына айтар алғысымыз шексіз-деп,өздерінің жүрек жарды ыстық лебізін білдіріп, мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан   Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Елшібаев Тұрышбек Күлішұлы мен  «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Кеңесқызы, мәдениет саласының бірқатар үздіктерін, яғни Ш.Ділдәбеков а/о, Бірлік ауылдық мәдениет үйінің директоры Ділдәбекова Ботакөз Шабланқызы мен Жаңа ауыл а/о, Мырзашөл ауылдық клубының меңгерушісі  Мұратов Тұрдымұрат Абдиллаұлын,  Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады. Мерекелік шарада одан әрі Жетісай ауданының әкімі С.Мамытовтың, Жетісай ауданы мәслихат хатшысы М.Қасымовтың және «Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасы Ә.Асауов пен Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Сейдаливтің атынан мәдениет саласы қызметкерлеріне арнай Алғыс хаттар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.

Кезекті алған аудан өнерпаздары мерекелік әуезді әндері мен билерін жиналған көпшілікке паш етіп, төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтті.

21 мамыр –Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР