Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында абыз күйші Әбдімомын Желдібаевтың 85 жасқа толуына орай «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеш шымылдығы Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Жетісу сазы» күйімен ашылды.
Өресі биік өнер кешінде күйші-композитордың 20-дан аса туындысы орындалды. ҚР Мәдениет қайраткері Жанат Досжанова, композитордың немересі Республикалық байқаулардың лауреаты Нұрғиса Әбдімомын, Республикалық вокалистер байқауының лауреаты Гүлбала Мықтыбек, ата жолын қуған немересі, Республикалық күйшілер байқауының лауреаты Меруерт Желдібаева, келіні, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сәуле Желдібаева әуезді ән шырқап, күмбірлі күйден сыр шертті.
Кеш соңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев, Шымкент қаласы білім басқармасының «Саз колледжі» директорының орынбасары Күмісай Әділханқызы композиторға құрмет көрсетті.
Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі