2024-04-26 14:28:34
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кітапхана оқырмандарына түрлі іс шаралар ұйымдастырылды

Кітапхана оқырмандарына түрлі іс шаралар ұйымдастырылды

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жігерген ауылдық кітапханасында Сұлтан Бейбарыстың 800 жыл толуына орай «Ұлы Мысыр елінің сұлтаны» атты тақырыпта тарихи кеш өтті. Басты мақсат —Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстыру,  оқырмандардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу. Оқырмандарды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу, білімге деген құштарлығын арттыру болды.

Сонымен қатар, Қаржан ауылдық кітапханасында «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектеп оқырмандарының қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ой көкпар кеші өткізіліп кітапхана келушілеріне сыбайлас жемқорлық туралы мағлұмат берілді.Сондайақ  адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін сыбайласжемқорлықтың адамзат үшін үлкен соққы екенін түсіндірді.

Дәл осы тақырыпты Жаңабазар ауылдық кітапханасында, ауыл тұрғындары және Елшібек батыр мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру баршаның парызы» атты ой талқыда талқылады. Кітапхана қызметкерлері «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайларын баяндады.Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Кітапханаларда өтетін мұндай іс шаралар ауданда жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР