2024-07-27 09:03:18
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кентаулық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кентаулық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Самбо күресінен Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында кентаулық Ақбота Қыдырәлі қола жүлдеге ие болды.

Спортшы 2005 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. №10 мектептің түлегі. Төртінші сыныптан бастап дзюдоны жанына серік еткен. Осы күнге дейін дзюдо, самбо, белбеу күрестерінен Түркістан облысының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Жаттықтырушы-оқытушысы Арғынбаев Самат пен Қанат.

2021 жылғы ҚР Чемпионатының жеңімпазы, самбо күресінен 2021 жылғы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Азия Чемпионатының қола жүлдегері.

Белбеу күресінен 2021 жылы Ресей Федерациясы Татарстан Республикасы Қазан қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР