2024-11-24 22:58:20
3.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

КЕНТАУДА МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕНТАУДА МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстанда шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні деп бекітілген. Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, өндірісте шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке.

Мереке қарсаңында қаладағы “Кеңші аллеясына” Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының ғылым және техника саласындағы лауреаттары А.В.Смирнов, Ы.Ә.Төлтаев, Г.Б.Довгань, А.В.Корн және Д.Қалдыбайұлының есімдері жазылған ескерткіш тақтайшасы қойылды.

Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусизов, «Ащысайтүстіметалл» комбинаты ардагерлер кеңесінің төрағасы  Жолшыбек Аккулов және қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мамыржан Юлдашев қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

«Кентау қаласының негізін қалаған «Ащысайтүстіметалл» комбинатының ардагерлері қаланың қалыптасуы жолында тәулік бойы тер төгіп, еңбек етті. Мұндағы аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала бермек» — деді  қала әкімі.

Шара соңында  өмірден өткен кеншілердің есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мерекелік шара ардагерлерге арналған дастарханға ұласты.

Жиын барысында еңбегі еселі ардагерлерге «Еңбек ардагері» медалі, «Еңбек даңқы», «Құрметті кенші», “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, «Қазпрофметалл» Тау-кен салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы, Облыс әкімінің грамотасы, Түркістан облыстық мәслихатының және қалалық мәслихат төрағасының алғыс хаттары табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР