2024-07-27 05:54:25
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Келесте 150 орындық мәдениет ошағы пайдалануға берілді

Келесте 150 орындық мәдениет ошағы пайдалануға берілді

Конституция күніне орай Келес ауданындағы Жамбыл ауылында 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысты.

– Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жақында ауданымыздағы осы ауылға ат басын бұрып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Сол кезде осы мәдениет нысанының құрылысымен танысып, ауылдың әлеуетін көтеретін жүйелі жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратынын атап өтті. Өткен жылы ҚР Ұлттық қор трансферттер есебінен ауданымызда екі мәдениет үйінің құрылыс басталған болатын. Бүгін басталған іс соңына жетіп, ауылдағы мәдениет үйі, клуб және кітапхана ел игілігіне беріліп отыр, — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, ғимараттың құрылысы былтыр басталып, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Зәулім ғимаратта түрлі үйірмелермен қатар кітапхана жұмыс істейтін болады.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР