2024-07-27 12:05:59
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Келес ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Келес ауданының мәдениет күндері жалғасуда

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері Этноауыл аумағында «Ұлттық ойындар – ұлттық тәрбие құралы» атты спорт түрлерінен сайыстармен жалғасты.

Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық спорт ойындарынан, атап айтқанда қазақ күресі, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу сайыстарынан бақ сынады. Сонымен қатар қолөнер, қылқалам шеберлерінің және Келес ауданы диқандарының ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі жасақталып, көпшілік назарын аудара білді.

Ауданның мәдениет күндері 14 шілде күні Этноауыл аумағында «Дәстүрін дәріптеген – Өнерлі өлкем – Келесім» атты әдеби-сазды композициялық қойылымда ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтаумен басталған болатын.

Аталмыш шараны 16 шілде күні «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан көркемөнерпаздары және кеш қонақтары әнші Сержанәлі Әлібек, әзіл сықақшы Ардақ Ермеков және Мәди Төреқұлов қатысуымен өтетін Гала-концерт қорытындылайды.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР