2024-07-27 09:21:21
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Каратэден өткен Азия чемпионатында түркістандық саңлақтар 3-алтын, 1-күміс медаль иеленді

Каратэден өткен Азия чемпионатында түркістандық саңлақтар 3-алтын, 1-күміс медаль иеленді

Спорт сүйер қауым жақсы біледі Токио олимпиадасында қазақстандық каратэшілер ғаламат жеңіске жетіп, ұлттық құрама мүшелері жүлдеге қол жеткізген болатын. Осы жетістіктен соң елімізде көптеген жастар бұл жекпе-жек спортына деген жаңаша серпін берді.

Жақында Қырғызстанның Бішкек қаласында  каратэден (WKF)  жастар мен ересектер арасында VIII Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлық елдерінің ең талантты саңлақтары бас қосқан бұл додада  еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының дарынды саңлағы Мади Катешов като әдісімен жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар жекпе-жек өнерінде жеңіске жеткен спортшы қыз 61 келідегі  Әсел Қанай да алтын медаль иеленді. Талай әлемдік додаларда топ жарып келе жатқан түркістандық каратэ шебері Гүлмира Үсенова 55 келіде өнер көрсетіп, жеңістің шыңын бағындырды.

Бұдан бөлек құрлық спортшылары арасында тамаша өнер көрсеткен жерлесіміз +84 келідегі Абылай Төлтай күміс жүлдегер атанды. Бұл жеңімпаз спортшы ұл-қыздар білікті басшы Самат Рысбеков жетекшілік ететін Түркістан облыстық олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Түркістандық жеңімпаз спортшыларды баптап келе жатқан тәжірибелі бапкер Боран Төлеевтің қажырлы еңбегін атап өткеніміз жөн. Осылайша, Орталық Азия чемпионатынан 3 алтын, 1 күміс жеңіп алған жерлестеріміз бұл ғаламат жетістіктерін Түркістан облысының құрылғанына -5 жылдығына арнайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР