2024-07-27 09:20:40
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Karate-1 Premier League» топ-32 рейтингтік турнирінен олжалы оралды

«Karate-1 Premier League» топ-32 рейтингтік турнирінен олжалы оралды

Түркістан облысының талантты каратэшілері Жапонияда өткен әлемдік додада Қазақстанның намысын қорғап қайтты. Білікті бапкер Боран Төлеев жаттықтыратын талантты спортшылар жуырда Күншығыс елінің Фукуока қаласында өткен «Karate-1 Premier League» әлемнің ең таңдаулы деген саңлақтары бас қосқан топ-32 мықтылардың рейтингтік турнирінде жүлдеге қол жеткізді.

Гүлмира Үсенова 55 келі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль еншіледі. Сонымен қатар, келешегі кемелді тағы бір спортшымыз Абылай Төлтай +84 келі салмақта сынға түсіп, туған елге қола медальмен оралды. Жүлдемен оралған спортшылар білікті басшы Самат Рысбеков жетекшілік ететін Түркістан облысының олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР