2023-09-30 01:35:40
14.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Кәсіби журналист – дарынды суретші

Сейсенхан Махамбет еңбек жолын кәсіби журналист болып бастап, түрлі салада қызмет еткенін айтады.

Ал сурет өнеріне кіріскеніне небәрі 10 жыл өтсе де бұл саладағы жетістіктері аз емес. Суретші ретінде ғана қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін атап айтсақ, ол 40-тан астам халықаралық және республикалық көрмелер мен симпозиум, пленэрлердің тұрақты қатысушысы.

2009 жылы «Қазақстанның Мәдениет қайраткері», 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтарын алған. 2015 жылы Беларусь Республикасында, 2018 жылы Астанада жеке көрмесін өткізген. 2018 жылы республикалық «Төле би және оның заманы» көрме-байқауынан 1 орын алса, 2019 жылы «Түрленген Түркістан» суретшілер көрме-байқауының Бас жүлдесінің иегері атанған.

Ең қымбат туындысы 50 000-60 000 АҚШ $ долларына бағаланған тарихи картина.

– Өзім осы Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өстім. Қазір Астана қаласында тұрамын, сонда шеберханам бар. Елу жастан асқанда толығымен сурет өнеріне ден қойдым. Жаңадан құрылған облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған симпозиумда туған жерге мен де өз қолтаңбамды қалдырсам деп келдім. Бұл – тарих, – дейді Сейсенхан аға.

Сейсенхан Орынбекұлы үш сурет салып бастаған. Тарихи картиналар 27 маусым күні дайын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР