2024-07-27 07:52:16
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Халықарасында кең тараған ойын түрлерінен біріншілік өтуде

Халықарасында кең тараған ойын түрлерінен біріншілік өтуде

Түркістанда кезекті ауқымды шара басталды. Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы халықарасында кең тараған ойын түрлерінен қалалық біріншілік өткізуде.

Жарысқа қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, секіргіште секіру, белтемірге тартылу, сақинаға доп лақтыру сынды т.б спорт түрлерінен бақтарын сынауда.

Жарыстың ашылуында Түркістан қаласы әкімінің идеология бойынша орынбасары Ерлан Бақытжанұлы сөз алып, шараның мақсатына тоқталды.

-Түркістанда жүзеге асып кезекті жоба халықарасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, балаларымыздың спортқа деген құштарлығын арттыру. Бұл мақсаттағы шаралар жүйелі ұйымдастырылады, деді Ерлан Күзембаев.

Сонымен бірге, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы жылы лебізін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, шара 25-тамызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР