2024-07-27 05:22:07
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылар марапатталды

Халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылар марапатталды

Облыс орталығында екі күн бойы өз өнерін паш еткен Халықаралық көше театрлары фестивалінің қатысушылары марапатталды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, мұндай халықаралық шара өңір басшысы Дархан Сатыбалдының қолдауымен өтіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар жеңімпаз ұжымдарды марапаттап, алғысын білдірді.

Шара барысында сөз алған өнертану докторы,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  профессоры,  театртанушы, «Құрмет» орденінің иегері, қазылар алқасының төрайымы Бақыт Нұрпейіс фестивальдің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, ұйымдастырушыларға рахметін айтты.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көше театрлары фестиваліне Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген үздік 13 өнер ұжымы қатысты. Алғашқы күні 9 өнер ұжымы, екінші күні 4 өнер ұжымы өз қойылымдарын сахналады. Халықаралық көше театрлары фестивалінің қазылар алқасының құрамында суретші, сценограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері Бақыт Сраилов, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Зухра Исламбаева, өнертану кандидаты, Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінің Вице-президенті, Қазақстан Театр қайраткерлер одағының төралқа мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Мұқан Аманкелді, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық  драма театрының қоюшы режиссері Аридаш Оспанбаева бар. Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы жіті қадағалап, төрелігін айтты. Фестиваль қорытындысына сәйкес барлық қатысушы ұжымға қаржылай сыйлық берілді.

Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестиваль мақсаты – жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеу, көше театрларының мәдениетін көтеру арқылы оның мәдениеттен ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін жаңғырту, белсенді қоғамдық бағыт ұстануына жағдай жасау, түркістандықтар мен рухани астана қонақтарының мәдени демалысын ашық алаңдарда театр қызметі формасында дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР