2024-05-02 09:14:41
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Футболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті

Футболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті

21-26 маусым күндері аралығында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырумен Жетісай қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында 2008 жылы тулыған жасөспірімдер арасында футболдан Түркістан облысының чемпионаты болып өтті.

Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Жетісай аудандық сотының төрағасы Арман Шындалиев, Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев пен ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Жетісай аудандық бөлімінің басшысы Нұрмахан Ибрагим, аудан прокурорының орынбасары Заман Зұлпыхаров пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Касымов, Түркістан облысының футболдан БЖСМ директорының орынбасары Талғат Сұлтанбекұлы, спорт майталмандары мен ардагерлері қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Чемпионатқа облыс аумағынан 11 команда қатысты.

Екі топқа бөлініп, өз бақтарын жасыл алаңда сынаған командалардан жартылай финалдық ойындарға  Жетісай аудандық №1 БЖСМ, Шардара аудандық №3 БЖСМ, Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ, Кентау  қалалық БЖСМ командалары шықты. Ақтық финалға Жетісай аудандық №1 БЖСМ командасымен Шардара аудандық №3 БЖСМ командалары шығып есеп 1:0 есебімен Жетісай командасының пайдасына шешіліп, Жетісай аудандық №1 БЖСМ командасы «Түркістан облысының чемпионы» атанды. Жүлделі 3- орын өткен ойында Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ командасы мен Кентау қалалық БЖСМ командаларының арасындағы ойында есеп ашылмай жеңімпаз ойын соңындағы он бір метірлік айып соққысынан анықталып, Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ командасы чемпионаттың қола жүлдегері аталды. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген командалар :

І    орын  Жетісай аудандық №1 БЖСМ

ІІ   орын Шардара аудандық №3 БЖСМ

ІІІ орын  Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ

Жүлделі орындарды иеленген командалар кубок, медаль және  дипломдармен марапатталды.  Жеңісті күндеріңіз көп болсын құрметті спортшылар!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР