2024-07-27 09:18:40
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Этноауылда Түркістанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Этноауылда Түркістанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістанның мәдениет күндері ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністерімен жалғасын тапты. Этноауылдағы рухани-мәдени шарада «Көрікті ойым – суретім» фотосурет және бейнелеу өнері суретшілерінің және «Қол өнерім – мол өнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталған. Мұнда тоқыма мен ағаш бұйымдары, құрақ құрау мен іс тігу, саз балшықтан құмыра жасау, құм өнері сынды тағы басқа ерекше дүниелер бар.

Шығыс қақпа алдында бастау алған мерекелік шара әрі қарай ұлттық салт-дәстүр көріністеріне ұласты. Соның ішінде «Қыз айттыру», «Қыз ұзату» тойы, «Беташар», «Құдалық», «Шілдехана», «Тұсау кесу», «Оң босағаға шығару тойы» секілді салт-дәстүрлер көпшілікке ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Әжелер биі мен мольберттегі суретшілер, қос ақынның айтысы келушілерді тамсандырды. Халық әндері шырқалып, құмай тазы мен қыран бүркіт ерткен батырлар да кеш көркін кіргізді.

Айта кетейік, облыстың 5 жылдығына және Түркістанның туристік әлеуетін арттыру, ұлттық мәдениет пен төл өнерді дамыту мақсатындағы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі ертең, 6 тамыз күні де Этноауылда өтеді. Сағат 18:00-де ұлттық спорттық ойындардан сайыс және «Түркістан жетістіктері» көрмелері ұйымдастырылып, «Яссы» халықтық-этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен ұлттық нақыштағы әуезді әндер шырқалады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР