2024-07-27 08:35:51
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еркін күрестен ауыл жасөспірімдері арасындағы республикалық жарыс мәресіне жетті

Еркін күрестен ауыл жасөспірімдері арасындағы республикалық жарыс мәресіне жетті

Алматы қаласында еркін күрестен ауыл жасөспірімдері арасында республикалық жарыс өтті. Тамыз айның 9-11 аралығына жоспарланған күрес бәсекесіне еліміздің барлық аймағынан іріктелген балуандар келіп, жарыс көркін қыздырды.

Боз кілем төрінде 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер күш сынасып, жеңімпаздардың есімдерін анықтады.

Тартысқа толы өткен жарыста Түркістан облысының саңлақтары жоғары деңгейде дайындалып барғанын көрсетіп, 2-алтын, 4-күміс және 2-қола медальді қанжығалады.

60 келіде өңіріміздің намысын қорғаған Әділхан Ақсақал атыннан алқа тақса, тағы бір жерлесіміз Есбол Төлеуов 110 келіде қарсылас шыдатпай, жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді.

Ал, 48 келіде белдескен Дулат Орғанәлі мен 51 келідегі Данаел Әбдіқасым, 80 келідегі Әлишер Тоқболаев пен 92 келідегі Нұрсұлтан Абдықалық күміс медальға иелік етті. Сонымен қатар, 45 келіде Сүндет Дәрібай, 65 келіде Мухамеджан Орынбасар қола медальға қол созды.

Жеңімпаз және жүлдегер балуандарды еркін күрестен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Абылайхан Рысбаев бастап барып, нәтижелі өнер көрсетіп қайтты.

Бұл республикалық күрес бәсекесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы облысының құрамасы иеленсе, екінші орыннан Түркістан облысы командасы көрінді. Ал, Атырау облысының командасы үшінші орынды місе тұтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР