2024-07-27 09:30:25
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар әлем чемпионатына іріктелді

Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар әлем чемпионатына іріктелді

Талдықорған қаласында еркін күрестен жастар арасында 23 жасқа дейінгі балуандардың әлем чемпионатына іріктеу сайысы өтті. Бұл республикалық жарыс елімізге танымал спортшы болған Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналды. Түркістан облысының талантты жас балуандары 61 келідегі Асылжан Есенгелді жеңімпаз атанды. Ал, боз кілемде белдескен қос балуанымыз 70 келідегі Қуандық Шалдар мен 86 келідегі болашағы жарқын жерлесіміз Айдос Жұмаханов қола жүлдегер атанды.

Қазір Түркістан облысында олимпиадалық бағдарламаларға енген күрес түрлері балалар мен жасөспірімдер арасында қарқынды дамып жатыр. Бұл жетістік күрес саласының білікті бапкерлері Ерлан Сатымбеков, Бақытжан Бердиев, Қанат Ниязбековтердің жұмысының нәтижесін көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР