2024-04-24 03:33:52
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ең басты құндылық – бабалар ұстанған жолды жаңғырту

Ең басты құндылық – бабалар ұстанған жолды жаңғырту

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында «Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру көзделген. Осы мақсатта арнайы құрлыған республикалық ақпараттық түсіндіру тобы өңірімізде семинар-кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ондағы басты мақсат – облыс аумағында дін саласында қызмет атқаратын имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру, тұрғындар мен жастар арасында рухани, адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жұмыс барысында туындайтын кемшіліктердің алдын-алу.

Аталған жұмысшы топ Отырар ауданына арнайы келіп, Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің студенттерімен, аудан жастарымен рухани құндылықтарды, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттау бағытында кездесу өткізді.

Кездесуге ақпараттық топпен бірге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Д.Құрманбек атындағы №20 колледж директоры Талғат Бейсен, жастар ресурстық орталығының теолог маманы Назира Сауытбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халыков мен Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бахтияр Оспанов баяндама жасап, ең дұрыс жол діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін атап өтті.

Тағылымы мол кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандардан жауаптарын алды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары: «Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп ойлаймын», дей келе, жастарға сапалы білім алып, кәсіп меңгерудің маңыздылығын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР