2024-07-27 09:12:04
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Елордада ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі жалғсуда

Елордада ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі жалғсуда

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі жалғасуда. Еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар үздіктен қатарынан көріну үшін бар күш-жігерлерін ортаға салуда.

Осындай тартысқа толы додада Түркістан облысының құрамасы өткен фестивкльдегі атақтарын сақтап қалу үшін күресуде. Әзірге қазақ күресінің шеберлері жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Қоржындарында 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Сонымен қатар, тенге ілу шеберлерінің де жарысы аяқталды. Бұл бәсекеде жерлестеріміз 3 алтын медальға қол жеткізіп, командалық бірінші орынды иеленді. Ал, құсбегіліктен жерлестеріміз 3-орынға табан тіреді. Ал, аударыспақ спорт түрі бойынша түркістандықтар 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медальді қанжығалап, жалпыкомандалық 2-орынды еншіледі.

Енді көкпаршылар 5-орынға таласатын болса, асық ату шеберлері де Шымкент құрамасымен 5-орын үшін ойнайтын болады. Тоғызқұмалақшылардың да ойындары жалғасуда. Бұл сында Түркістан облысның әйелдер құрамасы жақсы өнер көрсетуде. Ал, ерлер құрамасы үздіктер қатарынан көріну үшін тырысып бағуда. Жалпы қорытынды бойынша Түркістан облысының командасы ұпай санымен әзірге алда келеді.

Естеріңізге саламыз, алда жамбы ату мен дәстүрлі садақ атудан жарыстар басталып, жеңімпаздар анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР