2024-04-13 15:20:15
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Елордада ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі басталды

Елордада ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі басталды

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі басталды. Төрт жылда бір өтетін аламан дода жоғары деңгейде ұйымдаатырылған. Мұнда спортшылар спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда: қазақ күресі, жекпе-жек, көкпар, аударыспақ, бәйге түрлері, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша мықтылар анықталады.

Қыркүйектің 4-10 аралығына жоспарланған Ұлттық спорт түрлерінен VI республикалық фестивальға еліміздің барлық аймағынан іріктеліп келген спортшылар қатысуда. Алғаш болып көкпаршылар бәсекесі басталды. Шабандоздар додасында Түркістан облысының “Тұран” командасы Солтүстік Қазақстан облысының құрамасымен кездесіп, 8:2 есебімен тізе бүктіріп, тұрандықтар алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал, екінші кездесуде Жамбыл облысының “Әулие-Ата” командасына жол беріп қойды.

Бүгінгі күні қазақ күресінің саңлақтары 4 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Сонымен қатар, жекпе-жек, асық ату, тоғызқұмалақ шеберлерінің де сайыстары басталды. Түркістан облысының саңлақтары бұрынғы чемпиондық атақтарын сақтап қалу үшін күресетін болады. Әзірге барлық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР