2024-03-04 14:19:16
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Елорда төрінде каратэден халықаралық турнир мәресіне жетті

Елорда төрінде каратэден халықаралық турнир мәресіне жетті

Жақында  Астана қаласында каратэден халықаралық турнир аяқталды. Еліміздің ең мықты деген спортшылары бас қосқан жекпе-жекке Қаазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусия, Франция елдерінен жас спортшылар қатысып, өзара шеберліктерін байқады. Ел намысын қорғаған Түркістан облысының саңлақтары халықаралық додадан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола жеңіп алып жерлестерімізді қуантты.

Жекпе-жекте барлық қарсыластарын жеңген түркістандық 45 келідегі Айзере Абдирасил мен тағы бір жасөспірім спортшы қызымыз 47 келідегі Ақниет Темирханова сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Ал, 61 келідегі талантты жерлесіміз Әсел Қанай әйелдер арасында бас жүлдені иеленді. Бұдан өзге жастар арасында 55 келідегі болашағы жарқын Елнур Туребек те жеңістің шыңын бағындырды.

Додада күш сынасқан облысымыздың өкілі Ақсұлтан Өмірзақ 55 келі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, 55 келі салмақтағы Гүлмира Үсенова әйелдердер арасында күш сынап, күміс алқа иеленді. Бұдан басқа Астана төрінде өткен бәсекеде жерлестеріміз Меруерт Абен, Нұржан Кенжебек, Абылай Толтай қола жүлдегер атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы бас жүлдеге ие болып, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР