2024-04-26 23:47:35
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ел кубогі сарапқа салынды

Ел кубогі сарапқа салынды

Жуырда қазақ күресінен Тараз қаласында ересектер арасында биылғы жылдың ең тартысты күрес додасы Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Бас жүлдені сарапқа салған еліміздің кіл мықты балуандары арасындағы сайыс өте тартысты өтті.

Ел Кубогінде өнер көрсетіп,Түркістан облысының намысын қорғаған жерлесіміз 90 келідегі Руслан Аллаберді жеңімпаз атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Ал, облысымыздың мақтанышы талай халықаралық додаларда топ жарып келе жатқан талантты балуан 100 келі салмақта белдескен Қайсар Шәмшидин қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, 74 келі салмақта сынға түскен Шадияр Қуандық пен 55 келіде күрескен Розимон Тугушев сайысты қола алқамен аяқтады.

Өңір намысын қорғаған балуандарды құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР