2024-07-27 08:23:46
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Экотуристік фестивальге қатысушылар арасында мобилография байқауы өтті

Экотуристік фестивальге қатысушылар арасында мобилография байқауы өтті

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Түркістан таулары» экотуристік фестивалінің қатысушылары арасында мобилография байқауы өтті.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков «Ұлы Дала елі» орталығының алаңында өткен «Tourist Time» бағдарламасында жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысып, облыс әкімдігінің дипломы мен арнайы сыйлықтарын табыстады.

Арнайы парақшада жарияланған ең көп қаралым жинаған және үздік креативті видео авторы Жазира Бегасылқызы бас жүлде иегері атанды. Сонымен қатар Мақсат Тұрдымұратұлы жүлделі ІІ орынмен, Жасмин Ашимова ІІІ орынмен, сондай-ақ, Бақжан Мырзақұл «Үздік креативті видео» номинациясымен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш байқау мақсаты – мобилографияға қызығушылығы бар жастарды ынталандыру, облыстың табиғатын идеясы және көзқарасымен таспалау.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР