2024-11-02 11:23:13
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Экономиканы әртараптандыруда мейрамхана кәсібінің орны зор

Экономиканы әртараптандыруда мейрамхана кәсібінің орны зор

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана сүйенумен алысқа бара алмасымыз мәлім.

Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше. Туризм – демалу мақсатында, іскерлік және  өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын  кезең  ішінде  саяхаттайтын  және  әдеттегі ортасынан  тыс  жерде  орналасқан  орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені  айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді. Туризм – экономиканың қарқынды дамыған және көп табыс беретін салаларының бірі. Ол жиі  аймақтық даму «катализаторы» рөлін атқарады. Туризмнің  дамуы,  бірінші  кезекте,  саяхаттауға  ыңғайлы  жерлердің  пайда  болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  Қазақстанда  туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік  туризм  нарығының  биігіне  көтерілуі мүмкін.  Сол  мүмкіндіктің  бірі  Түркістан аймағындағы  тарихи  байлықтар  мен  мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы  –  кесенелер  мен  ежелгі  мешіттерді және  қалашықтарды жөндеу,  қалпына  келтіру жұмыстарын   жүргізе   отырып,   солардың негізінде  тарихи,  мәдени  музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Туризмнің орталығына айналған Түркістанда туристік сервис те жедел дамып келеді. Туристер жиі келетін қалада қонақ түйлер, мейрамханалар, жалпы туристерге қызмет көрсететін нысандардың көбеюі заңдылық. Түркістанда туристерге сапалы қызмет түрін ұсынып келе жатқан мейрамханалардың бірі “VOYAGE” туристер үшін тек тамақтанатын орын ғана емес, сонымен қатар көңіл көтеретін мекенге де айналды. “VOYAGE” мейрамханасы ең үздікті таңдайтындарға арналған. Мейрамхананың ішкі бөлігі ұстамды түсте орнатылған, жағымды фондық музыка және  мейрамхана мәзірі мен сусындары әркімнің көңілінен шығады. Ал кеш батысымен мұнда ерекше өмір басталады. “VOYAGE” белсенді адамдарға арналған сәнді барға айналады. Мұнда демалуды жақсы көретін қонақтар,  ғажайып атмосферамен бірге дәмді тағамдар, тәтті коктейльдердің дәмін тата отырып, жаңа таныстық орната алады. Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді.  Солардың бірі “Кәусар” мейрамханасы.

“Кәусар” мейрамханасы бұған дейін Шымкент қаласында жұмысын бастап, өз клиенттерінің сенімінен шығып үлгерген. Аталған мейрамхана кеңейіп, Түркістан қаласына да жетті.  Мейрамхана иелерінің айтуынша мейрамхана кәсібі соңғы жылдары кең өріс алып келеді. Түрлі тамақтандыру орындары мен кафе, мейрамханалар да көптеп бой көтеріп келеді. Әрине, көп болған сайын олардың арасындағы бәсекелестік артып, қала әлеуметі артады. Жұлдызға келуші туристер көбінесе ұлттық тағам түрлеріне тапсырыс беретін көрінеді. Келуші қонақтардың көңілінен ұлттық тағамдарыдың көңілінен шыққаны мейрамхана кәсіп иелерінің қалталарын қалыңдататыны анық.  Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы. Түркістанда мейрамхана шаруашылығы даму үстінде және оның түрлері де жылдан-жылға жаңаруда.

Мәселен Түркістан қаласындағы “Эдем” мейрамханасы ашылғанына қаншама жыл өтсе де, өзінің алғашқыдағыдай актуалдылығын жоғалта қоймаған орын. Керісінше, Эдем мейрамханасы өсіп-өркендеп, қонақ үй де ашты. Халықаралық деңгейге шығып, кез-келген шетелдік туристі ұялмай қабылдай алады. Мейрамханадағы ең үлкен зал бір мезгілде 200-ге дейін қонақ қабылдай алады. Кафе өзінің биік төбесі мен кең жайылатын дастарханымен ерекше. Күндіз терезеден түскен жарық мейрамхана ішіне жылылық берсе, күн ұзақ келуші қонақтар нық толы болатын көрінеді. Жалпы бұл сала: сатудан бастап көліктік, қаржылық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерінің ауқымды деңгейін қамтиды. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша пайдасы жоғары және экономиканың барынша динамикалық саласының, туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны шетелде «алтын жұмыртқа әкелуші тауық» деп те атайды.

Түркістан қаласы өнеркәсіп пен кәсіпорынның қайнап жатқан орталығы. Қала қазірде тек қана өндіріс мекемелерінің ғана емес, мейрамхана шаруашылығының қарқынды дамуымен мақтана алады. Бұрыннан келе жатқан мейрамханалармен қатар, жаңа тамақтану орындары, қоғамдық орындар да бой көтеруімен ауызға ілігеді. Мейрамханалық кәсіптің мұндай танымалдылығы қалаға келуші туристер мен еліміздің өзге аумағынан келген қонақтармен байланыстыруға әбден болады. Келгенн турист қалаға құр қол келмейтіні анық. Демек олар өздерімен алып келген қаражатын қаланың экономикалық айналымына жұмсайды.  Осы тұстан шаһардағы тамақтандыру мекемелері айрықша рөл атқарады. Осындай шағын және орта бизнес орындарының бірі – “Аспан” мейрамханасы. Мейрамхана – бұл шығыс және еуропалық дәстүрлердің үйлесімді өрілуі, сондай-ақ отарлық мәдениеттің қайталанбас көрінісі, мейрамханаға ерекше жайлылық пен талғампаздық береді. Аталмыш тамақтану орнына бүгінде келушілер саны артқан. Оның бірінші себебі – қала халқының көбеюі болса, екіншісі – туристердің көптеп келуі.  Мейрамханалық кәсіп қазіргі таңда танымал кәсіп болып есептеледі, себебі қызмет көрсету және туризм салалары өте қатты дамуда. Туристер басқа мемлекеттке саяхатқа барғанда, бірінші кезекте сол елдің тағамдарымен танысқысы келеді. Сол себептен олар мейрамханаларға жиі барады. Тағы мейраманалық кәсіптің танымал болуының бір себебі, ол оның жанжақтылығы. Мейрамханаларға бірінші кезекте адамдар демалу үшін келеді. Ал жоғарыда аталған “Аспан” мейрамханасы өзінің қонақжайлылығымен де, ерекше ас мәзірімен де ерекшеленеді.

Туристерге сапалы қызмет ұсынып отырған нысандардың тағы бірі – “Old city” мейрамханасы. Ерекше стильде салынған мейрамхана келуші қонақтарды сыртынан ішіне дейін таң қалдыра алады. Еуропа стилінде салынған мейрамхана қала орталығына батыс стилін алып келді. Мейрамхана  тамақ жеу үшін ғана салынған орын емес. Мұнда адамдар демалады, кездесу өткізеді, той ұйымдастырады. Бұрын мейрамхана тек қана тамақ ішуге ғана араналған орын болатын, бірақ қазір заман өзгерді. Енді мейрамхана жан жақты орынға айналды. Тарихқа сүйенетін болсақ, бірінші мейрамхана орта ғасырларда ашылғанын еске түсірсек, орта ғасырлық Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқанын аңғаруға болады.

Қазір заман тез дамуда. Көптеген кәсіп түрлері шығып, адамдар бастаған кәсіптерінен мол табыс тауып, енді бірі шығынға батуда. Ал әлемде ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын кәсіп түрі – мейрамхана кәсібі десек болады. Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Түркістанда қазірде тамақ өнеркәсіп саласы, мейрамхана салаларына баса көңіл бөлінеді. Себебі мейрамхана саласы тек қана туризм тұрғысынан ғана емес, кәсіптік тұрғыдан да басымдықты талап етеді. Қалада мейрамханалардың күрт өсуінің себебі де сол болар.

“Иса стейк хаус” мейрамханасы да күн демей дамып келеді. Мейрамхана табысы қаламен бірдей өсіп келеді. Қазірде мейрамханалар ас мәзірі де әжептеуір өзгерістерге ұшыраған. Ол келген туристердің қаладағы тұрғылықты мейрамханаларға қызығушылығын арттырады. Мейрамханада тек фаст-фуд өнімдерін емес, ыстық отта әзірленетін туристердің сүйіп жейтін стейктері де әзірленеді. Қоғамдық тамақтандыру саласы адамдардың еңбекшіл өмірінде маңызды орын алады, өйткені кез келген жұмысшы азанда үйінен жұмысқа шығып кетіп, кешке бірақ оралатын болса, ол міндетті түрде таңғы шай немесе түскі асқа қоғамдық тамақтандыру орындарына барады. Сондықтан, қоғамдық тамақтандыру орындарының дайындаған өнімдері адамзаттың осындай бөлігінің денсаулығына тікелей əсер етеді. Аталған мейрамхана кәсіптері қалада тек қана тамақ шаруашылығымен айналысып қана  қоймай, қаншама жастарды жұмыспен қамтып, туристердің сүйікті орнына айналады. Сонымен қатар келуші қонақтардың есінде Түркістанды ұзаққа дейін қалдырады деп сенеміз.

Түркістан екі бағытта дамиды. Оның біріншісі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Қаланың алдағы басты міндеттерінің бірі туристерді қызықтыру. Бұл тұста қаладағы мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, туристік мекемелердің атқаратын рөлі ерекше.  Мейрамхана кәсібі тек қалаға көрік беріп қана қоймай, кәсіпкерлердің қалтасын қалыңдатын, шаһар әлеуметін арттырары анық. Бүгінде бұл бизнесті заманауи түрде жаргоншаласақ, жоғары элиталы, ортаңқолды, фаст-фуд деп бөлуге болады. Элиталы мейрамхана белгілі, бағасы өте қымбат, соған сай жоғары санатты жайлылық, таңдаулы интерьер, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Миддл-классты мейрамхана  қолжетімді бағамен келушілерін жарылқайды. Фаст-фуд болса белгілі стандарттағы тағамдар ғана ұсынады әрі өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тура келеді.  Ортаңқолды мейрамхана иесіне жылына 100-ден 350 мың долларға дейін табыс түсіреді. Қолы жүргенде тіпті 500–мың доллардан да асып жығылуы мүмкін. Сондықтан да табысы тұрақты осы салаға ден қоюшылар басым. Эльдорадо мейрамханасы да Түркістан қаласының жергілікті тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының бірі болып табылады. Айрықша авторлық тағамдар, қазіргі заманғы дизайн және динамикалық атмосфера бұл мейрамхананы ерекше етеді. “Эльдорадо” күндіз жайлы аспаздық орын болса, ал кешке белсенді адамдарға арналған сәнді көңілді кешенге айналады. Мейрамхананың жазғы балкон алаңы бар, одан көшеге қарап отырып тамақтануға болады. Мәзір үлкен түрлілігімен ерекшеленеді және еуропа мен азия елдерінің тағамдарын ұсынады. Аспаз өз қонақтарын ең дәмді, еуропалық стандартқа сай, ерекше тағамдармен қуантады.

Түркістан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар қалалар қатарына кіреді. Демек, бизнеспен шұғылданғысы келген, кәсібін ашуға оңтайланып жүрген азаматтарға жол ашық. Мұндай азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар да көптеп қабылданып жатыр.  Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге де тыйым салына бастады. Болашақта бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға қолбайлау болып отырған барлық  енжар құқықтық нормалардың күші жою керектігін Елбасы да айтты. Алдағы мақсат – орта және шағын бизнестің үлесін арттырып, ел дамуын орнықтыра түсу.  Осындай шағын және орта бизнестер қатарына қаладағы мейрамханалардың көшін жатқызуға болады. Бәсекелесі көп сала болып саналғанымен табысы да айтарлықтай. Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ. Істің көзін таба білсе, келушілерге бармағын жалап жейтін дәмді асын ұсынса болғаны. Жайлы асмосферада, ырғақты әуенмен, дәмді ас ішкен тұтынушы айналып соғары анық. Тұтынушыларының тамырын тап басып, тұрақты клиентіне айналдыру үшін барын салатындар бар. Тіпті шетелдерден майталман аспаздар шақырып, шаруасын шалқытып жүргендер жетерлік. «Алаш айнасы» мейрамхана бизнесінің тамырын басып көрді.  Осы салаға инвестиция салу да бүгінгі күні жанып тұрған сәнге айналғаны да шындық. Қаладағы жоғарыда айтылғандай критерийлерге сай келетін мейрамхана – New York мейрамханасы. New York – бұл жай ғана көңіл көтеретін қарапайым караоке-бар ғана емес, бұл қаладағы жастар мен туристер ең көп жиналатын орындарға айналған. Әрине мейрамхана бизнесі қашан да қала экономикасына айтарлықтай алға ілгерушілік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР