2024-04-19 22:33:12
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының есебі тыңдалады

Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының есебі тыңдалады

Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, маусым айында өтетін кезекті сессиясында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының есебі тыңдалатын болады. Халық қалаулыларының алдында тыңдалатын есепке байланысты,  арнайы депутаттардан құралған уақытша депутаттық комиссия құрамына әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері бекітілді. Осы комиссия Сауран ауданы мен Кентау қаласына барып қайтты.

Мақсат, аталмыш басқармаға бағынышты спорт мекемелерінің тыныс-тіршілігімен танысу.

Атап айтар болсақ, Кентау қаласында «Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 БЖСМ» мекемесінде болды. Онда бір ауысымда 260 спортшы шыныға алады. Мұндағы мәселе, орталықтың спорттық құралдарын толығымен жаңарту. Сондай-ақ, 1988 жылы құрылған «Кентау қалалық №4 БЖСМ» КММ-де болды. Бұл мекеме 10-18 жас аралығындағы оқушыларға футбол үйірмесімен айналысады. Мұнда комиссия  барып көргендей, оқушыларға спортпен шұғылдану үшін жабық спорт алаңы  және балаларды тасымалдауға автокөлік қажет. Уақытша депутаттық комиссия барған Сауран ауданына қарасты спорт клубы 2022 жылы құрылған екен. Сол себепті де қызметкерлерге арналған ғимарат тапшы мұнда.  Жалпы бүгінгі аралау барысында 6 мекеме  тіршілігімен танысып қайтты. Айта кету керек, облыс бойынша спорт саласында оқушылардың жеткен жетістіктер де аз емес.

Алайда спортқа қолдау көрсету мақсатында арнайы жұмыс жоспарына сәйкес атқаралылатын жұмыстар ауқымды. Уақытша құрылған депутаттық комиссия алдағы уақытта осы мәселелер аясында жұмыстарды бақылауға алып, атқарылуға ықпал жасайтын боламыз. Сонымен қатар, «әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері алдағы уақытта өзгеде аудан, қалаға арнайы барып спорт саласының жәй-күйімен танысады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР