2024-11-03 18:54:04
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Дәстүрімнің балқаймағы — ӘЖЕЛЕР

Дәстүрімнің балқаймағы - ӘЖЕЛЕР

Қазақ халқының  ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнер. Қолөнер өресі биік, өрісі кең өнер.

Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан төрінде жұртшылыққа дәріптеді.

Бүгінде жетпісті алқымдаған әжелер қолданыстан шығып қалған ұлттық ою-өрнектерді  ою, оларды бастырмалау, тоқыма мен кесте тоқу, киіз басу, ши және кілем тоқу, құрақ құрау мен тері илеу арқылы 20-ға тарта бұйымдарды жасады.

«Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, қолмен істеп, көзбен көрсетіп, тәжірибе арқылы орындап келеміз. Егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жаңғыртып жатыр. Әр ұлттың өзіне тән қолөнері бары анық. Біздің халықымыздың қолөнерінің түп-тамыры – халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты» дейді жетісайлық әжейлер.

Айта кетейік, Жетісай ауданы әжелерінің қолдарынан шыққан бұйымдарға Жетісай, Мақтаарал аудандарымен қатар облыс орталығынан да тапсырыстар түсіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР