Армрестлингтен Шардара өңірінде тұңғыш рет өткен Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарыстың ашылу салтанатын салтанатты түрде ашқан аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы , Тұңғыш рет ауданымызда өтіп жатқан Ересектер арасындағы ҚР Чемпионатының қатысушыларына ыстық ықыласын айтып, сәттілік тілеп, федерация басшылығын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар ҚР-ның гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Асаинов Марат Майнышұлы , ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы төсбелгісі мен куәліктерін , спорттық атақтарды орындаған Шардаралық спортшыларды атап айтқанда, қатарынан үш рет әлем чемпионы атанғаны үшін Әбсаттар Дәурен Жанатұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағымен, үш әлем чемпиондарын дайындағаны үшін білікті бапкер Нұрхаликов Сейфулла Нышанбайұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағымен, төрт әлем чемпиондарын дайындағаны үшін білікті бапкер Малбасов Ғани Үсенұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағымен арнайы марапаттап, ұйымдастырушылар алқасына өз алғысын білдіріп, ел чемпионатының қатысушы спортшыларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ “Шардара Армспорт” клубының негізін қалаушы Қарсыбаев Арман Романұлы спорттағы жетістіктері бар , армрестлинг спортына еңбегі сіңген спортшыларды арнайы марапаттады.
Тартысты әрі қызыққа толы өткен ел чемпионаты осылай өз жалғасын тапты.