2024-11-03 18:13:09
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бүгін – халықаралық альпинизм күні

Бүгін – халықаралық альпинизм күні

Ерекше сала мамандарын төл мерекемен құттықтаймыз! Сіз де альпинизмге қатысы бар достарыңызды құттықтаңыз.

Кәсіби мерекені тойлаудың тарихына үңілсек ⬇️

Швейцариялық Мишель-Габриэль Паккар мен экотуристік гид Жак Бальма мерекенің пайда болуына себепкер болды.

1760 жылдары Монбланды кім бірінші бағындырса үлкен сыйақы берілетіні жарияланады. Бірақ бұл оқиға шуға айналады. Сондай-ақ шыңды бағындыру әрекеттері қайғылы аяқталып отырды.

1786 жылдың 8 тамызында  Альпин тауларының биіктігі 4810 метр болатын Монблан шыңын барлық альпинистерден бұрын бағындырды. 8 тамыз күні сағат 18:23-те Мишель-Габриэль Паккар және Жак Бальма Монблан шыңына жетеді.

Түркістан облысында да альпинизм саласы мен альпинистерге қолдау көрсетіліп келеді. Жақында ғана «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық  табиғи паркінің «Түркістан» деп аталатын тау шыңына облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай арнайы тақтайша орнатылды. «Ontustik Alpinism» альпинизм федерациясының жетекшісі Тарас Моисеев бастаған альпинистер тобы Батыс Тянь-Шань сілемдерінде (Өгем жотасы) орналасқан 3700 метр биіктіктегі «Түркістан» шыңын бағындырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР