2024-07-14 20:01:54
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бір инвестициялық жоба – бірнеше мәселенің ортақ шешімі

Бір инвестициялық жоба – бірнеше мәселенің ортақ шешімі

Түркістан өңірлік инвестициялық штабтың кезекті мәжілісінде 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланды.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды алға тартты. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

– Жерді алып, жұмыс істемейтін болса, жер мемлекетке қайтарылады. Кейбір жобалар кешігіп жатыр. Үйлестіру керек, — деген облыс әкімі Түркістанда мақта-тоқыма кластерін дамыту барысында ірі 4 зауыт ашылатынын еске салды.

Зауыттың өнімдерін өткізу мәселесін қазірден зерделеп, жоспар құруды, жоба басталғаннан әр мекеме өзі жауапты саласы бойынша жедел әрекет етіп, проблемаларды шешіп отыруын міндеттеді.

Мәжілісте Созақтағы күкірт зауыты мен уранды қайта өңдеу, Шардарада жүгері дәнін терең өңдеу, Түлкібаста сусын өңдеу, Кентау қаласында металл шығаратын зауыттардың кезеңдік жұмыстары талқыланды.

Төлебиден логистикалық орталық салу, тігін фабрикасының құрылысын биыл аяқтау, Сауранда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені, Арыс қаласында теміржол вагондарын жөндеу жобасы, Сайрамдағы май өндірісін қолға алу мәселелері басты назарға алынып, жұмыстың жай-күйі сөз болды.

Түркістан қаласындағы «Turkistan» арнайы экономикалық аумағында полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды шығаратын ірі-тораптық зауыт салынуда.

Аталған добалардың барлығы дерлік орындалғнда, өңірде мыңдаған бос жұмыс орындары да пайда болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР