2024-07-27 13:42:18
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Баскетбол 3х3 ел чемпионатында Түркістандық жасөспірім қыздар құрамасы жеңімпаз атанды

Баскетбол 3х3 ел чемпионатында Түркістандық жасөспірім қыздар құрамасы жеңімпаз атанды

Білікті спорт маманы Нұржан Қаңлыбаев жетекшілік ететін Түркістан облысының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдеп спорт мектебінің шәкірттері Тараз қаласынан жүлделі оралды.

Жанкүйерлерін қуантқан жерлестеріміз 15-18 тамыз айы аралығында ұлдар мен қыздар командалары арасында 3х3 баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының жазғы Кубогында 16 жас аралығындағы қыздар арасында Түркістан облысының намысын қорғаған спортшы қыздар командасы шаршы алаңда барлық қарсыластарын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Қазір облысымызда бұл спорт түрі әсіресе, жергілікті жастар арасында кеңінен дамып келеді. Оған дәлел бүгінде аталған спорт түріне қызығушылық танытқан қаракөздердің қарасы қалың. Жеңімпаздарды кәсіби тұрғыда жан-жақты дайындап келе жатқан тәжірибелі  жаттықтырушы Жанат Арапова шәкіртерінің бұл жетістігін жоғары бағалайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР