2024-06-22 02:36:21
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Аударыспақтан өткен xi ел чемпионатында түркістандықтар 13 медаль олжалады

Аударыспақтан өткен xi ел чемпионатында түркістандықтар 13 медаль олжалады

Қостанай қаласында аударыспақтан 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында XI Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Білекті де жүректі жігіттер бақ сынаған ат үстіндегі күрес бәсекесіне елімізден мықты деп іріктелген балуандар қатысып, өзара күш сынасты.

Айтулы додада Түркістан облысынының құрамасы өздерінің мықты екендіктерін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде жерлестеріміз 5-алтын, 2-күміс және 6-қола медальді қанжығалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Тартысқа толы өткен жарыста 48 келіде Бақдаулет Шотбай, 59 келіде Сүлеймен Тұрдықұлов, 65 келіде Ибрагим Таскет, 82 келіде Бимухамед Қонай, 82 келіден жоғары салмақта өңір намысын қорғаған Данияр Орынбасарлар барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Ал, 42 келіде Еркенже Диханбай мен 48 келіде Жұмағали Исламбек күміспен күптелді.

Сонымен қатар, қолаға қол созған жігіттер арасында 54 келіде қос жерлесіміз Диас Өткелбай мен Нұрдос Армен, 71 келіде Бексұлтан Әділбек, 77 келіде Сүндет Таскет, 82 келіде Бекнұр Нуридин, +82 келіде Ердаулет Ергештер бар.

Ат үстіндегі балуандар арасындағы елшілік додада ғаламат жетістікке жеткен түркістандық балуандарға облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры, білікті басшы Болат Қонаев жан-жақты қолдау көрсетіп, жерлестеріміздің жоғары нәтижеге жетуіне ықпал етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегер спортшыларды құттықтай отырып, алдағы ірі додаларда жеңіс тұғырының биігінен көрінсін деген тілек білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР