2024-04-25 11:13:26
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ауданда қыз-келіншектердің қатысуымен жүгіру марафоны өтті

Ауданда қыз-келіншектердің қатысуымен жүгіру марафоны өтті

Бүгін Шолаққорған ауылындағы орталық стадионда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және денешынықтыру, спорт бөлімі мен «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет қыз-келіншектер арасында жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спортты одан әрі дамытуға арналған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Көп жылдан бері мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, бүгінде өз ісін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер мен отбасылық құндылықтарды сақтауда көпшілікке үлгі болып отырған көп балалы аналар және қыз-келіншектерден құралған «Бақ-нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ұйымдастырылған бұқаралық спорттың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ ағымдағы жылы ауданда спорт саласы бойынша атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Рабиға Отыншиева, «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған марафон қатысушыларына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін арнады.

Айта кетейік, айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған марафонға әр түрлі қоғамдық іс-шаралардан бөлек, қайырымдылық істерімен үнемі айналысып отыратын,  ауданда түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ге жуық қыз-келіншектер қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР