2024-04-27 06:56:32
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Аудан әкімі жаңадан тағайындалған бас бапкерді қабылдады

Аудан әкімі жаңадан тағайындалған бас бапкерді қабылдады

Қазақ футболының аңызы, Қазақстан чемпионы, 2002 жылғы еліміздің үздік жартылай қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан тағайындалған бас бапкерді қабылдап, арнайы танысты. Жиынға ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев, футбол клубтың басшылығы қатысты.

Аудан басшысы бұған дейінгі сәтсіздіктердің себеп-салдарын жоя отырып, бас бапкерге футбол клубтың ойынын жандандыруды тапсырды. Команданы биік белестерден көрсету үшін аянбай тер төгу керектігін айтты. Сондай-ақ, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Қайрат Жұмабекұлы еңбек жолында «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана», «Қайсар» командаларында футболшы ретінде доп теуіп, ел чемпионы, ҚР Кубогының чемпионы, Қазақстан Суперкубогының иегері және жылдың үздік ойыншысы атағына қол жеткізген.

Ұлттық құрама сапында 35 ойында жасыл алаңға шығып, 5 гол салған. Сауатты ойын өрнегімен Ұлттық құрамада капитан болып, еурододаларда әріптестерін жасыл алаңға бастап шыққан. Өз карьерасын аяқтағаннан кейін Ұлттық құраманың бапкерлік штабына жұмысқа келді. Кейіннен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

Ендігі жерде тәжірибелі маман ресми түрде «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалып отыр. Сонымен қатар, клубтың бапкерлік құрамында аздаған өзгерістер орын алып, бас бапкердің көмекшісі болып Руслан Эсатов тағайындалса, фитнес жаттықтырушы міндетін Асқар Мұратұлы атқаратын болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР